Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы отандық тауар өндірушілерге 1,4 млрд теңгеден астам сомаға шығындары өтелді

2025 жылы отандық тауар өндірушілерге 1,4 млрд теңгеден астам сомаға шығындары өтелді
Фото: pixabay.com

Отандық өнеркәсіпті ынталандыру аясында QazIndustry кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған шығындарын өтеуді жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мақұлданған өтінімдердің жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден асты. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Бизнесті ынталандыру дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындарға 1,4 млрд теңгеден астам сомаға шығындарының бір бөлігі өтелді. Мемлекеттік қолдауға 60 кәсіпорын ие болды», - делінген хабарламада.

Қаражаттың негізгі бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындарды өтеуге бағытталған. Бұл технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті жаңғырту және цифрландыру, технологиялық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ персоналды оқыту және қызметкерлердің құзыретін арттыру.

Осы бағыт бойынша ең көп өтінімдер Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарының өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарынан түскен. Салалық тұрғыда бұл – машина жасау, металлургия, АӨК, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар.

Бұдан басқа, QazIndustry компаниялардың өнімді ішкі нарыққа ілгерлетуге жұмсаған шығындарын өтейді. Екінші бағыт аясында кәсіпорындар сертификаттау, зертханалық сынақтар және аудит шығындарын өтей алады, ал аяқ киім өндірушілеріне таңбалау шығындары (жабдықтар, баспа қызметтері) өтеледі.

Айта кетейік, QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерлетуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша ұлттық оператор болып табылады. Биыл бизнесті мемлекеттік ынталандыру шараларының қағидаларына өзгерістер енгізілді. Қазақстанда алғаш рет кәсіпорындардың тауарларды ел ішінде теміржол арқылы жеткізуге кеткен шығындарының 50%-ы өтеледі, сондай-ақ халықаралық сертификаттау шығындарын өтеу мөлшері бес есе көбейтілді (15 мың АЕК дейін).

Сонымен қатар, салық динамикасы бойынша шарттар жеңілдетілді. Тіркелген сәттен бастап салықтардың өсу талаптарынан босату мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзарды. Мұндай шара кәсіпорындарға шығындарды өтеу құқығын сақтай отырып, толық қуатқа шығуға қосымша уақыт береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті