Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 31 желтоқсанда Риддер қаласының полиция бөліміне оқу орнынан кейін үйіне ұзақ уақыт бойы оралмаған кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру жұмыстарын бастады. Іздестіру жұмыстары екі тәуліктен астам уақытқа созылды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылы, сондай-ақ азаматтардың көрсеткен көмегінің арқасында жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Ол аман-есен табылып, үйіне жеткізілді.

Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері мен осындай жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, олармен тұрақты байланыста болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде 102 нөмірі арқылы полицияға жедел хабарласуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті