Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

ШҚО-да полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 жастағы Александр Коверзин 9 маусымнан бері із-түссіз жоғалғандардың қатарында болған. Қуанышқа орай, ол аман-есен табылып, қазіргі уақытта туыстарына тапсырылды. Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Жасөспірім – көршілес мемлекеттің азаматы. Оның жоғалғаны туралы хабар түскен бойда, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жедел түрде ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды. Қала мен оның айналасын, су қоймаларының жағалауын, қаңырап бос қалған және иесіз ғимараттарды, орман алқаптарын тінту жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына тәртіп сақшыларымен қатар, құтқарушылар, әскери қызметшілер, қызметтік иттері бар кинологтар мен дрондар тартылды. Іс барысында азаматтардың белсенділігі де маңызды рөл атқарды: жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желілердегі бағдар арқылы ұқсас жасөспірімді көргенін айтып, шамамен жүрген орнын көрсеткен. Іздеу жұмыстарының үшінші күні жасөспірімді полиция қызметкерлері Александр Исаев Ермек пен Қуаныш Акемеев қаңырап қалған ғимараттардың бірінен табылды.

Жасөспірімнің айтуынша, ол үйінен әдейі шығып кеткен және біраз уақыт жалғыз болғысы келген. Осы уақыт ішінде ол жалғыз өзі иесіз ғимаратта болған. Қуанышка орай, оның денсаулығына зиян келген жоқ. Ол анасына тапсырылды. Жасөспіріммен және оның заңды өкілдерімен осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция ата-аналар мен қамқоршыларды жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына көбірек назар аударуға және олармен сенімді қарым-қатынаста болуға шақырады. Полиция іздестіру жұмыстарына атсалысқан барлық азаматқа үлкен алғыс білдіреді. Қоғамның қолдауы мен барлық қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, баланы отбасына аман-есен қайтару мүмкін болды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады