Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді

Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанаға қытайлық компания делегациясын бастап келген Қытайдың MCC International Engineering Group Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Сяофеймен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ қытайлық инжиниринг компаниясының Қазақстан аумағындағы ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Роман Скляр MCCI компаниясының жобалаудан бастап жабдықтарды жеткізуге, құрылыс жүргізуге және объектілерді пайдалануға беруге дейінгі жобаларды толық циклде жүзеге асырудағы елеулі халықаралық тәжірибесін атап өтті. Мұндай тәжірибе өндірістік қуаттарды жаңғырту және шикізат базасын дамыту жағдайында қазақстандық өнеркәсіп компаниялары үшін практикалық тұрғыдан аса маңызды.

Келіссөздер барысында Атасу ауданында темір және марганец кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы бұл жобаны тау-кен саласын дамытудың және ел ішінде қосылған құнды арттырудың стратегиялық маңызды элементі ретінде қарастырады.

Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің жобаны қажетті ведомствоаралық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және оны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар MCC International Engineering Group компаниясының жобаны пысықтауға нақты қатысуы, бірлескен жұмыс тобын құру және ынтымақтастық параметрлерін айқындайтын жол картасын әзірлеу мерзімдерін келісу жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ перспективалы тау-кен байыту жобалары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті