Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қолайсыз ауа райы: Қарағандыда полицейлер 13 жолаушыға көмектесті

Қолайсыз ауа райы: Қарағандыда полицейлер 13 жолаушыға көмектесті
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полицейлер 13 жолаушыға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды өңірін шарпыған сақылдаған сары аязда Астана – Қарағанды – Алматы бағытымен Шымкентке бет алған жолаушылар автобусы жол үстінде тосын жағдайға тап болды. Трассаның 530-шақырымында, Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызмет көрсететін аумақта тәртіп сақшылары қақаған аяздан қозғалыссыз қалған автобусты байқады. Қатты суықтың салдарынан дизель отыны қатып, көлік әрі қарай жүре алмай қалған.

Салонда үш бала бар, барлығы 13 жолаушы отырған. Жағдайды дереу бағамдаған полиция қызметкерлері уақыт оздырмай әрекет етті. Тоңып қалған азаматтар қауіпсіз жерге көшіріліп, олар жолай өтіп бара жатқан, оңтүстік астанаға бет алған басқа автобусқа отырғызылды. Уақтылы әрі кәсіби көрсетілген көмектің арқасында жолаушылар сапарын жылы ортада, аман-есен жалғастырды. Полиция кез келген ауа райында азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, жедел әрі жауапты қызмет етуге әрдайым дайын.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді