Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында ветеринария қызметінің автопаркі 68 пайызға жаңартылды

Алматы облысында ветеринария қызметінің автопаркі 68 пайызға жаңартылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Облыс әкімі қолдауымен облыстық ветеринария басқармасы арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизингтік бағдарлама аясында ауылдық округтердің ветеринария дәрігерлеріне  71 бірлік арнайы техника — оның ішінде 62 дана «JAC T6» және 9 дана «ГАЗ 231073» автокөлік кілттері табысталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ағымдағы жылы ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген болатын. Соңғы жеткізілімдерді қоса есептегенде, өңірдегі ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылды.

Жаңа автокөліктер ветеринария мамандарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі эпизоотиялық жағдайды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

2025 жылы Алматы облысында ветеринария саласын дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл шаралар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді