Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында жарақат алу деректерінің алдын алу мақсатында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 52 деректі анықтады. Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 510 келіні құрайтын 167 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді. Аталған фактілер бойынша 52 әкімшілік іс қозғалды. Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. 

— Өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты — жарақат алу мен өрт шығу қаупінің алдын алу, сондай-ақ жаппай және мерекелік іс-шаралар кезеңінде азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдай береді, — деді Асхат Құлбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады