Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді

Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековпен, Alstom Kazakhstan басқарушы директоры Жером Бойемен және Polpharma Santo («Химфарм» АҚ) бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуде өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері және инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.

Alstom Kazakhstan басшылығымен келіссөздер темір жол машинасын жасау саласын дамыту мәселелеріне және «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнының дайын өнім экспорты нарығын кеңейту перспективаларына арналды. Бүгінгі таңда зауытта өндірісті локализациялау деңгейі 10%-дан 35%-ға дейін өсті.

Polpharma Santo бас директорымен фарминдустрия саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы қаралды. «Химфарм» АҚ дәрілік заттардың негізі болып саналатын қазақстандық белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің 80-нен астам атауын шығаруды көздейді. Жоба Қазақстанның дәрі шығару өндірісіндегі тәуелсіздігін нығайтуға, саланың орнықты дамуы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Польшалық Polpharma Group компаниясының Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі $130 млн-нан асады, 800-ден астам жұмыс орны құрылған. Компания портфелінде терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топты қамтитын 280-ден астам балама препарат бар.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға инвесторлар айтқан мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті