Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті

Түркістанда «Шексіз әлем» атты  жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 23 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту.Мерекелік кешке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының басшылығы, құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен 70-тен астам бала қатысты. Олар – облыстық басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінушілер.

Іс-шара барысында балаларға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Жігері мұқалмаған ерекше балалар  өнер көрсетіп, көпшілікті сүйсіндірді. Оларға белгілі өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қолдау көрсетті.Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Өз сөзінде аймақ басшысы ерекше балаларды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.

– Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өмірге деген құштарлықтарыңыздың арқасында мойымай, мол жетістіктермен қуантып келесіздер. Мемлекет басшысы ерекше балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оңалту орталықтарының желісін кеңейтуді тапсырған. Бүгінде өңірімізде ерекше балаларға тиісті қолдау шаралары көрсетілуде. Облысымызда балаларға арналған 5 оңалту және  6 «Қамқорлық» орталықтарында 15 мыңнан астам балаға қызмет көрсетілді. Құрметті жас достар! Бүгінгі іс-шара сіздер үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Жаңа жылда армандарыңыз орындалып, жетістіктеріңіз еселене берсін! – деді Нұралхан Көшеров.

Мерекелік кеш Аяз ата мен Ақшақардың жаңа жылдық құттықтауымен жалғасты. Танымал әнші Құрмаш Маханов бастаған өнерпаздар да жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті