Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Түркістанда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Халыққа адал қызметкер болу – абыройлы міндет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу» деген сөз» деп атап өткен болатын. Баршамыз осы ұстанымға сай болуымыз керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – Отаны мен халқына адал қызмет ету. Бүгінде облысымыздағы 501 мекемеде 6331 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Өткен жылы облыста 231 мемлекеттік қызметші өз лауазымынан жоғарылады. Бұл меритократия қағидасының сәтті жүзеге асуының көрінісі. Президентіміздің саяси реформалары нәтижесінде ел басқаруға жаңа көшбасшылар келуде. Атап айтқанда, 2021 жылдан бері өңірімізде 210 ауылдың әкімі сайланды. Олардың арасында түрлі сала өкілдері бар. Талай азаматқа мемлекеттік қызметке жол ашылды. Одан бөлек, Өңірлік кадрлық резервіне 32 адам қабылданды. Оның 13-і жұмысқа орналасты. Мұның бәрі мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың сапалы атқарылып жатқанын білдіреді. Мемлекеттік қызмет – қоғамның айнасы. Билікке деген сенім осы саладағы азаматтардың іскерлігіне қарап қалыптасады. Сондықтан облысымыздың қарқынды дамуы сіздерге тікелей байланысты. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізде қашан да абыройлы болып, жетулеріңізге тілектеспін, – деген Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.

Салтанатты жиында мемлекеттің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, Түркістан облысы әкімінің грамотасы мен алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойыша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев та үздіктерді марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.Мерекелік іс-шарада Түркістан облысындағы мәдениет және өнер ұжымдарының әншілері мен бишілері, күйшілері өнер көрсетіп, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті