Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері балаларға Жаңа жылдық қуаныш сыйлады

БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері балаларға Жаңа жылдық қуаныш сыйлады
Фото: Polisia.kz

БҚО ҚАЖД-ға қарасты №74 мекеме қызметкерлері балаларға Жаңа жылдық қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылдың ең сиқырлы мерекесі – Жаңа жыл қарсаңында №74 мекеме қызметкерлері әріптестері мен олардың отбасыларына ерекше жылулық пен қуаныш сыйлады. Аяз ата мен Ақшақардың бейнесін сомдаған мекеме қызметкерлері әріптестерінің балаларын Жаңа жылмен құттықтап, олардың армандарының орындалуына себепкер болды.

Мерекелік іс-шара балалардың отбасыларына барудан басталды. Үйдің табалдырығында шананың қоңырауы сыңғырлап, қуанышты күлкімен бірге Аяз ата мен оның сенімді серігі Ақшақар пайда болды. Олар балаларға жүрекжарды тілектерін айтып, көптен күткен сыйлықтарын ұсынды. Балалардың қуаныштан жарқыраған көздері мен шат күлкісі мерекенің шынайы сәніне айналды.

Әр бала үшін жеке сыйлық дайындалып, олардың қалауы мен қызығушылықтары ескерілгені көңілге жылулық ұялатты. Бұл сыйлықтар тек мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жиналғандардың жүрегінде жылылық пен шаттық сезімін оятты.

— Мұндай шаралар тек балаларға ғана емес, ересектерге де мерекелік қуаныш сыйлайды. Әріптестеріміздің еңбегін бағалап, олардың отбасыларының әрдайым қолдау мен назарға лайық екенін көрсету – біздің басты міндетіміз, – дейді олар.

№74 мекемесі мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдырып, ұжымның басты құндылықтары – бірлік, қамқорлық және адамгершілік қасиеттерін ұлықтап келеді.

Жаңа жыл қарсаңындағы бұл игі дәстүр бізге мерекенің басты мәнін – қуаныш бөлісу, бақыт сыйлау екенін тағы да еске салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді