Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Томотерапияны дамыту мәселелері инвесторлардың назарында

Томотерапияны дамыту мәселелері инвесторлардың назарында
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлибек Қуантыров пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова «Үміт» халықаралық томотерапия онкологиялық орталығы» және «Orhun Medical» жеке шаруашылық серіктестіктері басшылығымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында томотерапия қызметтерін көрсету мәселелері мен қаржыландыру механизмдері талқыланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Рүстемова тарифтер мен медициналық қызметтер бойынша Министрліктің ұстанымдары туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыров денсаулық сақтау саласын инвестициялар үшін басым бағыт деп атап, инвесторларды қолдауға арналған шараларды жеткізді.

Тараптар проблемалық мәселелерді шешуге мүдделі екендіктерін растай отырып, аталған бағытты тұрақты дамыту мен жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шешімдерді бірлесе әзірлеуді жалғастыру туралы уағадаластыққа қол жеткізді.

2019 жылы жеке инвестициялар есебінен құрылған «Үміт» халықаралық томотерапия онкологиялық орталығы» ЖШС томотерапияны қолдану арқылы онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге маманданған. «Orhun Medical» ЖШС еліміздің барлық аумағында медициналық жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында ПЭТ-КТ орталықтары, циклотрондық кешен, ОФЭКТ/КТ және тераностика орталығы, сондай-ақ Алматы қаласында көпбейінді аурухана салу жобасы бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті