Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда үш жылда 600-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді

Қазақстанда үш жылда 600-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді
Фото: gov.kz

Елімізде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Ауруханалар, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пунктілер салынып, жаңартылып жатыр. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, олардың қатарында Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталық пен Шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Инфекциялық аурулар орталығы бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында көпбейінді аурухананың, Өскемен қаласында Гематология орталығының және Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында жедел жәрдем стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында бүгінде 601 медициналық-санитариялық алғашқы көмек  нысаны салынды.

Биыл тағы 54 нысан құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар 32 аудандық аурухананы көпбейінді орталық аудандық аурухана деңгейіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Ұлттық жоба басталғалы Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларындағы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы орталық ауруханалар, Абай облысының Үржар аудандық орталық ауруханасы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Шу, Меркі және Талас аудандық орталық ауруханалары мен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық орталық ауруханасы – барлығы сегіз аурухана көпбейінді етіп қайта ұйымдастырылды. Қаңтар-қазан айлары аралығында денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоспардағы 241 млрд теңгенің 214,8 млрд теңгесін немесе 89%-ын құрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті