Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жаңа жылға арналған шыршалардың шамын жағу іс-шарасы өтті

Елордада жаңа жылға арналған шыршалардың шамын жағу іс-шарасы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 19 желтоқсан күні бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Қаланың барлық ауданында мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар, шағын сәулет нысандары, жәрмеңкелер және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұра ауданы
Аудан аумағындағы басты алаңдардың бірі – «Астана Арена» стадионының маңы. Мұнда қаланың негізгі шыршаларының бірі орнатылады.

Келушілер үшін Qanay, Дастан Оразбеков, Ziru, «Бәйтерек» триосы, сондай-ақ «Нұр Сәулем ай» балалар ансамблінің қатысуымен ауқымды концерттік бағдарлама өтеді.

Сонымен қатар мұз айдындары, сырғанақтар, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. жұмыс істейді.

Балалар үшін аниматорлар мен сыйлықтары бар арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Ауданда шырша шамы тағы 11 орында жағылды.

Сарайшық ауданы
«Қазақ Елі» алаңында биіктігі 25 метр болатын жаңа жылдық шырша орнатылды. Алаң ертегі әлемі форматында безендіріліп, фотоаймақтар мен шағын сәулеттік нысандар қойылды.

Мұнда Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Қонақтарды мәнерлеп сырғанаушылардың көрсетілімдері, анимациялық бағдарламалар, балаларға арналған ойындар, мұз айдындары мен сырғанақтар күтеді. Сонымен қатар «Сыйлықтар фабрикасы» жұмыс істеп, балалар Аяз атадан жаңа жылдық сыйлықтар алады.

Алматы ауданы
Ауданда жаңа жылдық шыршаның шамы төрт локацияда жағылды. Мерекенің басты орталығы – Ақбұлақ жағалауы. Бұл жерде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, кеш соңында мерекелік отшашу өтеді.

Байқоңыр ауданы
Негізгі мерекелік алаң – К.Ататүрік атындағы саябақ. Мұнда биіктігі 20 метрлік шырша, мұз айдыны және мұздан жасалған сырғанақ орнатылады. Мемлекеттік «Наз» би театры әртістерінің қатысуымен концерт өтті.
Сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып, кеш қызған шақта мерекелік отшашуға ұласты.

Сарыарқа ауданы
Ауданда алты жаңа жылдық шырша орнатылды. Қалалық алаңда биіктігі 13 метр болатын шынайы шырша қойылып, мұз айдыны, сырғанақтар мен фотоаймақтар жұмыс істейді.

Бұл жерде «Жастар» театры мен М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылады.

Есіл ауданы
Ауданның басты алаңы – ЭКСПО аумағы. Мұнда биіктігі 22 метрлік шырша, мұз айдыны мен сырғанақ орнатылды. Сонымен қатар Ботаникалық бақта, «Жетісу» паркінде, Қазақ радиосы көшесінің бойында және «Бағыстан» тұрғын үй кешенінде де жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылады.

Мұз айдындары мен сырғанақтар Пригородный тұрғын алабында, «Бағыстан» тұрғын үй кешенінде және «Жетісу» паркінде ұйымдастырылады. ЭКСПО алаңында Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры әртістерінің қатысуымен театрландырылған мерекелік бағдарлама ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті