Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді

Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Фото: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуде. Бүгінде су қоймаларында қажетті сыйымдылық көлемін дайындау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін шамамен 5,1 млн м3 су жіберілді. Министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қоймадағы су көлемін 300 млн м3 немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. 

Ақтөбе су қоймасында шамамен 51 млн м3 су бар. 1 сәуірге дейін су көлемін  47,3 млн м3 деңгейіне азайту жоспарланып отыр. Ал Батыс Қазақстан облысы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,4 млн м3 дейін төмендетілді. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 м3 су жіберіліп жатыр. 

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79%-ға толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн м3 су бар. Көктемде тасқын су қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр. 

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасындағы су көлемі 86%-ға төмендетілді. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық су жіберу жоспарланған. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн м3 су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес, 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн м3 немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде. 

«Көктемде тасқын суды резервуарларда жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды тиімді бөлу жұмысын алдын ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұранысы толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд м3 су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды», — деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады