Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті

Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
Фото: Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қоғамдық келісім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап,  дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты.
Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, таныту бағытында жергілікті этнос өкілдері де атсалысып келе жатқанын айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, соның ішінде қолөнерді жаңғырту – ұлттың өзіндік болмысын сақтаудың басты жолы», – деді. Бүгінде ұлттық қолөнеріміз қайта жаңғырып, сән индустриясы, туризм, интерьер дизайны сынды түрлі салаларда кең қолданылып келеді. Жас шеберлер дәстүрлі тәсілдерді заманауи технологиялармен ұштастырып, жаңа бағыттарды қалыптастыруда. Қазақ қолөнері халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып жүр, – Айгүл Тұрсынбекқызы.

Ұлттық қолөнерді дәріптеген игі іс-шараға атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталып, көрме соңы шара концерттік бағдарламамен жалғасты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті