Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті

Шымкентте «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті
Фото: Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Ұлттық киім үлгілері дәріптелген іс-шараға жергілікті қолөнер шеберлері, жас дизайнерлер, сән өнерінің өкілдері мен ұлттық өнер жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, шығармашылық ұжымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен тұрғындар қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қоғамдық келісім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдан бері қалалық ассамблея алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивалдің мақсаты – халқымыздың ұлттық киім үлгісінің қолданыс аясын кеңейту арқылы қоғамға заманауи үлгідегі ұлттық киім  үлгілерін ұсыну және жергілікті шеберлер мен ісмерлердің, зергерлер мен дизайнерлердің өнімдерін дәріптеу, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарға деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.
Заманауи стильдегі ұлттық киім үлгілері дәріптелген фестивалдің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева ұлттық киім мен зергерлік бұйымдарды әзірлеп, бүгінгі буынға насихаттап келе жатқан шеберлер мен ісмерлерге, дизайнерлерге айрықша алғыс айтты.

– Ұлттық киім – бұл тек сәндік элемент емес, ұлттың рухы, болмысы, тарихи жадын сақтаған қастерлі құндылық. Бүгінгі фестиваль арқылы біз жас ұрпаққа өз тамырын танытып қана қоймай, ұлттық киім өнерін жаңа деңгейге шығаратын жас таланттарға жол ашып отырмыз. Әр өңірдің киім үлгісінде халқымыздың тарихы, философиясы, дүниетанымы жатыр. Біз осы бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта қоғамды бір арнаға ұйыстыратын түрлі жобаларды іске асыратын болады. Біздің көздегеніміз – берекелі бірлігімізді бекемдеп, қоғамдық келісімді сақтау және этностар арасындағы тұғырлы татулықты өз тұғырынан түсірмеу, деді – хатшылық меңгерушісі.

Фестиваль аясында дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің сәндік топтамалары көпшілік назарына ұсынылып, көрермендер қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің өңірлік ерекшеліктерін, ұлттық нақыш пен қолөнер шеберлерінің озық техникалары туралы тереңірек танып, білді. Кәсіби деңгейдегі мамандардан жасақталған қазылар алқасы жұртшылық назарына ұсынылған жұмыстар мен жобалардың арасынан үздіктерін анықтады.
Қазылар алқасының шешімімен этностильдегі киім топтамалары арнайы марапаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Фестиваль қорытындысымен I орынды Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Аманат рухы» ұлттық киімдер жиынтығы (жетекшісі А.Б.Шнасыл) және «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының «Шұғыла» ұлттық киім топтамасы (авторы Б.Жетыбаева) лайық деп танылды.

II орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Тау қырандары» киім жиынтығы (жетекшісі С.М.Искакова) және Орталық Азия инновациялық университетінің «Ұлттық киімнің түрленуі» сәндік киім үлгілерінің топтамасы (жетекшісі Б.А.Досанова), ІІІ орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Жібек жолы» киім жиынтығы (жетекшісі М.Қ.Байзақова) мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Нұрлы шуақ» киім жиынтығы (жетекшілері Ж.А.Акаева, Д.А.Бейсенбаева) алды.Ал ұлттық киім үлгілерін дәріптеуді мақсат еткен іс-шараға белсене қатысқан қолөнер шеберлері мен ісмерлерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, фестиваль аясында заманауи ұлттық киім үлгілерімен қатар ұлттық өнердің әр жанрын қамтыған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті