Алматы онкологиялық орталығы елдегі онкологиялық көмек көрсететін жетекші ұйымдардың бірі болып қала береді. 2025 жылдың 10 айында мұнда 22 185 науқас ем қабылдады: 2 417 ота жасалды, 17 034 сәулелік терапия сеансы өткізілді, 687 694 диагностика жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Химиотерапияны 18 929 науқас, ал амбулаториялық химиотерапияны 6 458 пациент алды. Онколог дәрігерлердің қабылдаулар саны 146 783-ке жетті.Орталыққа өңірлерден де сұраныс артып келеді: 846 пациент Алматыға жоғары технологиялық көмек алу үшін келді.Мұнда диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізіліп жатыр: иммундық-химиялық талдаулар, мақсатты терапия, аз инвазивті хирургия. Жасанды интеллект бағыты да дамуда. Орталықта ТМД бойынша алғашқы KIRO Oncology жүйесі - химиопрепараттарды аса дәл және қауіпсіз түрде дайындайтын роботтандырылған технология орнатылды. Қазірдің өзінде 35 мыңнан астам доза дайындалған.Жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер Алматыны онкологиялық аурулармен күресте аймақтық инновациялық орталыққа айналдырып келеді.