Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып онкологиялық науқастарға протон терапиясын жүргізе бастайды

Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып онкологиялық науқастарға протон терапиясын жүргізе бастайды
Фото: primeminister.kz

Келесі жылы Астанада заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (ҰҒОО) ашылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жаңа орталық – бюджеттік инвестициялық жоба, оны жүзеге асыру үшін Швейцарияның және АҚШ-тың халықаралық жетекші компаниялары тартылған. Бүгінде құрылыс жұмыстары 90%-ға орындалды, атап айтқанда, сәулелік және ядролық медицина орталықтары, протондық терапия орталығы, әкімшілік және техникалық блоктары бар 210 төсек-орындық емдеу-диагностикалық корпус салынды.


Сонымен қатар су, жылу және электрмен қамтамасыз ету қалалық инженерлік желілерге қосылып, кабинеттер мен палаталарды әрлеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта медициналық жабдықтарды жеткізу, іске қосу-жөндеу және сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басшысы, онколог Санжар Шалекеновтің айтуынша, жылына 6 мың науқасқа қызмет көрсететін жаңа емдеу мекемесінде радионуклидті диагностика, радиофармацевтикалық препараттар шығару және радионуклидтік терапия жүргізу жоспарланған.

«Бізде радио-сәулелік емдеу қарастырылған. Ол бес аппаратпен ұсынылған: біреуі контактілі сәулелік терапияға, екіншісі контактісіз емдеуге арналған. Бұл - Edge, Turbine және Ethos сияқты құрылғылар. Олардың кейбіреулері Қазақстанда алғаш рет таныстырылып отыр», — деді ол.

Бұл ретте мекемеде посткеңестік кеңістіктегі алғашқы протон орталығы жұмыс істей бастайды. Орталықта жылына 800-1000 науқас ем алады.

«Бізде онкогематология орталығы да қарастырылған. Мұнда сүйек кемігін трансплантациялауға арналған 15 төсек-орын бар. Бұл - барынша стерилді, таза бөлмелер, онда жылына 180-ден 200-ге дейін трансплантация жасау жоспарланған. Осылайша, біз республика бойынша мұқтаж науқастардың үштен бір бөлігін қамтуға мүмкіндік аламыз», — деді Санжар Шалекенов.

Ол ҰҒОО-ның екінші блогы ғылыми-білім беру орталығы болатынын айтты. Сонымен қатар мұнда 140 төсек-орындық аурухана, үш операциялық бөлме және үлкен диагностикалық емхана орналасады.

Жаңа медициналық орталықты аралау барысында Премьер-Министр елімізде жыл сайын 37 мыңнан астам қатерлі ісік ауруы тіркеліп, 13 мыңнан астам адам қайтыс болатынын атап өтті.

«Жағдайды жақсарту үшін біз Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрып жатырмыз. Бұл – күрделі нысан. Оның халықаралық стандарттарға сай болуы үшін құрылысқа тиісті тәжірибесі бар халықаралық компания тартылды», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігіне бас мердігермен бірлесіп, 2024 жылдың 1 тамызына дейін протонды терапия орталығын іске қоса отырып, нысанды пайдалануға беруді тапсырды.

ҰҒОО басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург-онколог Әділбек Мұқажанов арнайы аппарат–циклотронмен жабдықталған протонды терапия орталығы туралы толығырақ айтып берді.

«Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы протон терапиясы жүргізілетін жалғыз орталық болады. Әлемде мұндай орталықтардың саны 100-ден аспайды, олардың бірі – бізде», — деді ол.

Оның айтуынша, циклотрон протон сәулелерін шығарып, емдік екі толқынды жеткізеді, соның арқасында екі науқасты бір уақытта сәулемен емдеуге болады.

«Бұл протонды терапияның ерекшелігі фотонды сызықтық үдеткіштерден айырмашылығы, мұнда сәулелену неғұрлым мақсатты және жұмсақ болады. Бұл әсіресе балалар мен әлсіреген науқастар үшін өте маңызды. Яғни, мұнда сәуленің минималды әсері мен қоршаған тіндердің ең аз зақымдануы қарастырылған. Бұл ретте қайталама сәулелік ісіктердің даму ықтималдығы барынша азаяды», — деп атап өтті Әділбек Мұқажанов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы қазан айының басында Әлихан Смайылов Үкіметтің 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы қаулысына қол қойған болатын.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, ҚР онкологиялық қызметін кешенді жаңғыртуға бағытталған. Бұл жоғары тиімді ерте диагностиканы енгізуді, мамандандырылған емдеу мен оңалтуды дамытуды, сондай-ақ кадрлық әлеует пен ғылымды нығайтуды көздейді.

Әр өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде. Бұл ретте қажетті дәрі-дәрмектерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді