Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайдың оңтүстік-шығысында коронавирус өршіп жатыр

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында карантин шараларының қатаңдағанына қарамастан коронавирус инфекциясы өршіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте Фуцзянь провинциясында 21 адам коронавирус жұқтырған. Олардың басым көпшілігі үш миллионнан астам тұрғыны бар теңіз жағасындағы Путян қаласының тұрғындары. 11 қыркүйектен бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты Путяньға (Фуцзянь провинциясы) қатынайтын қалааралық және аймақаралық маршруттық таксилердің жұмысы уақытша тоқтатылды, сонымен қатар басқа аймақтарға баратын жолаушылар автобусы тоқтатылды. Елді мекендегі спорттық, демалыс, ойын-сауық және басқа да орындар уақытша жабылды. Қаладан шығу үшін коронавирусқа тест тапсыру қажет. Өткен сенбіде ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті коронавирустың алдын алу және бақылау жұмыстарын басқару үшін Фуцзянь провинциясына жұмыс тобын жіберді. Ресми ақпаратқа сәйкес, құрлықтық Қытайда науқастардың 94,35%-ы емделген. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап жұқтырғандар саны 95,1 мың адамнан асты. Өткен жұмада құрлықтық Қытайда КВИ вакцинасының шамамен 2,13 миллиард дозасы салынды. Сондай-ақ, Қытайда CОVID-19 вакциналарының 60 миллионнан астам дозасын 12-17 жас аралығындағы жастар ектіргені хабарланды. Авторы: Руслан Сүлейменовскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті