Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МӘМС қызметтері кеңейтілді: Астанада өткен жиында сақтандырудың маңызы талқыланды

МӘМС қызметтері кеңейтілді: Астанада өткен жиында сақтандырудың маңызы талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылуы талқыланды. Жиын елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханның төрағалығымен өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекованың мәліметінше, елордада МӘМС жүйесімен қамту деңгейі 84,6%-ды құрайды, ал 15,4% немесе 256 672 адам жүйеден тыс қалып отыр.

Соңғы екі айда сақтандырылмағандардың саны 18 мың адамға өскен. Бұл көрсеткіштің артуы халықтың жоғары көші-қонына да байланысты.

Қор филиалы басшысының айтуынша, сақтандырылмағандардың қатарында 12 ай бойы жарна төлемегендер – 132 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 8 мың, жалдамалы жұмысшылар – 91 мың, жеке кәсіпкерлер – 26 мың адам бар.

Жиында МӘМС және медициналық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық өзгерістерге сәйкес, сақтандырылмаған тұлғалар үшін медкөмектің қолжетімсіз болу қаупі айтылды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС пакеті әлеуметтік маңызы бар 24 ауру тобы және динамикалық бақылауды қажет ететін аурулар бойынша кеңейтілді.

Бүгінде амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алып жүрген халықтың шамамен 10%-ы жыл соңына дейін сақтандырылған мәртебеге ие болуы қажет. Әйтпесе олар тегін дәрі алудан қағылуы мүмкін.

Жиында сақтандырылмаудың ықтимал тәуекелдері де атап өтілді:
• медициналық көмектің қолжетімділігінің төмендеуі;
• қалта шығындарының өсуі;
• халық денсаулығының нашарлауы;
• эпидемиологиялық қауіптің артуы;
• Амбулаторлық-емханалық көмектің қолжетімсіздігі;
• шұғыл медициналық жүктеменің артуы;
• өмірлік маңызды процедуралардың (гемодиализ және т.б.) қолжетімсіздігі;
• жоспарлы госпитализация мен диагностикадан өтудің мүмкін еместігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті