Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көзінен айырылған әскери қызметші өз жұмысында қалатын болады - Қорғаныс министрлігі

Көзінен айырылған әскери қызметші өз жұмысында қалатын болады - Қорғаныс министрлігі
Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Жамбыл облысында басына бөтелке жарамын деп көзінен айырылған әскери қызметшіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Серік Борамбаев мұндай оқиғаның орын алғанын зор өкінішпен мойындады.

"Ант қабылдау кезінде арнайы бөлім ант қабылдаушы жастардың туыстары мен жақындарына арналған шарада өз дағдыларын көрсету туралы шешім қабылдады. Бірақ қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшартпен әскерге келген қызметкер жарақат алды. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, одан кейін ауруханаға жеткізіліп, офтальмологиялық орталыққа да апарылды. Барлық көмек көрсетілді", - деді ол.

Алайда, оның айтуынша, көру қабілеті әлі толық қалпына келмеген. 

"Бірақ соған қарамастан, шешім қабылданды: ол Қарулы Күштер қатарында қалып, қызметін жалғастырады және оған одан әрі көмек көрсетіледі. Қызмет етуіне мүмкіндік беретін бізде лауазымдар бар. Бұл ретте екі аяғы жоқ болса да қызмет еткен секілді бізде көптеген мысалдар бар. Өтемақы да береміз. Оның көлемі әскери-дәрігерлік комиссиядан өткеннен кейін айқындалатын болады", – деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.
"Бүгінгі күні қызметтік тергеу тағайындалды және жақын арада шешім қабылданады. Бұл іс Қорғаныс министрінің жеке бақылауында. Бұл шоу емес. Бұл өз жауынгерлік дайындығын көрсету ниетінен туындаған жайт. Әскери қызмет әр қадам сайын тәуекелдермен байланысты", деп сөзін түйіндеді Серік Борамбаев.

Бұған дейін Жамбыл облысында салтанатты шарада өнер көрсетіп, басына бөтелке жарған сарбаз бір көзінен айырылғанын жазғанбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті