Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы: маңызды көрсеткіштер мен жаңа бастамалар

Шымкенттің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы: маңызды көрсеткіштер мен жаңа бастамалар
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы 2025 жылдың соңғы айларында әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағытында бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асыруда. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінесілтеме жасап.

Қалалық «Көрме» орталығында 18 қарашада «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараға 700-ден астам адам қатысып, 105 тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды, 19 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 60 адам www.enbek.kz ресми порталы арқылы «Жұмыс іздеуші ретінде» тіркелуге өтініш білдірді. Сонымен қатар, 12 адам кәсіби оқуға, 32 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грант алуға ниет білдірді. Жәрмеңкеде мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 60 жуық кәсіпкер өз өнімдерін таныстырды, ал пробация қызметінде тіркелген, мүгедектігі бар және борышкер азаматтарға тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.
Әлеуметтік салада Мансап орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен әлеуметтік келісімшарттарды іске асыруда белсенді жұмыс жүргізуде. 546 жеке кәсіпкерде 1 208 азамат 85 000 теңге айлықпен жұмыс жасап жатқаны анықталды. Алайда 314 жеке кәсіпкерде 545 азамат жұмыс жасамайтыны, 13 жұмыс берушіде 34 азамат өз жұмыс орындарында болмағаны анықталды. Аталған отбасыларға жалған мәлімет ұсынғаны үшін Заңнама аясында ШАК төлеуден бас тарту бойынша шешімдер қабылдануда.Қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылық жағдайлары бойынша өткен аптада тергеу органдары 169 іс тіркеді, оның ішінде алаяқтық – 61 іс, ұрлық – 41 іс, есірткі заттарын заңсыз айналымға байланысты – 12 іс және жол-көлік оқиғалары – 10 іс. Алаяқтықтың басым көпшілігі интернет алаяқтыққа қатысты. Мысалы, «К» есімді азаматқа «Казтрансгаз» қызметкері ретінде хабарласып, 200 000 теңге ақша аудартып алған. Сондай-ақ, интернет-дүкендер арқылы есірткі саудасына байланысты заң бұзушылықтар тіркелуде. Жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты арттыру, телефонға алаңдау, рұқсат етілмеген жерден өту және кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды ережесіз басқаруы. Тұрғындардан жол ережесін сақтау және балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу сұралады.
Қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынған. Оның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне өтемақы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер берілді. Негізгі бағыттар: Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автожолының құрылысы, С.Бәйтереков көшесінің жалғасы және Қазиев көшесінің жалғасы бойынша жер телімдері мемлекет мұқтажына қайтарылуда.Қалада мәдени өмір де қарқынды дамуда. 6 желтоқсан күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылар арасындағы «Мен елімді жырлаймын» республикалық айтыс өтеді. 9-10 желтоқсан күндері «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент сазы» республикалық эстрадалық ән байқауы, 21 желтоқсан «Астана» алаңында шырша шамын жағу рәсімі, ал 31 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне арналған гала-концерт және отшашу ұйымдастырылады.

Шымкент қаласында табиғи ресурстар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша да нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қалаға жылқы еті Түркістан облысынан жеткізіліп, көтерме бағасы 3 100–3 200 теңге, бөлшек саудада 3 400–3 500 теңге деңгейінде саудалануда. Тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету үшін апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жылқы еті орташа 3 400 теңге деңгейінде сатылуда. Сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін келісімшарттар жасалған. Картоп бағасы Павлодар және Қарағанды облыстарынан тасымалданатындықтан өзгеріп тұрады, қазіргі бөлшек саудадағы бағасы 200–270 теңге болса, «айналым механизмі» аясында сауда желілерінде бекітілген бағасы 180 теңгеден сатылады.Қалалық шатқалдар да дамуда. Қаратау ауданындағы «Шымсая» шатқалы 8 га аумақты алып, 8 200 көшет отырғызылды. Абай ауданындағы Самал шатқалы 25,772 га аумақты қамтып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Экологиялық бақылау жүйесі тұрақты жұмыс істейді. Қалада ауа сапасы «Қазгидромет» 7 бекеті арқылы бақыланып, жоғарғы ластану тіркелмеген. 2025 жылдың 10 айында Департамент 29 тексеру жүргізіп, 50 әкімшілік іс қозғап, 37,6 млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындамауы жағдайында жұмыс уақытша тоқтатылды.

Спорт саласында да Шымкент абыройын асқақтатуда. Жапонияның Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада Шадияр Пернеш 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, ал Рсалы Сабыржан 86 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын және 1 қола медаль – шымкенттік спортшыларға тиесілі.

Шымкент қаласында әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қаланың дамуына үлес қосуға бағытталған.

Шымкент қаласы 2025 жылдың соңғы айларында әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағытында бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асыруда. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қалалық «Көрме» орталығында 18 қарашада «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараға 700-ден астам адам қатысып, 105 тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды, 19 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 60 адам www.enbek.kz ресми порталы арқылы «Жұмыс іздеуші ретінде» тіркелуге өтініш білдірді. Сонымен қатар, 12 адам кәсіби оқуға, 32 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грант алуға ниет білдірді. Жәрмеңкеде мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 60 жуық кәсіпкер өз өнімдерін таныстырды, ал пробация қызметінде тіркелген, мүгедектігі бар және борышкер азаматтарға тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.

Әлеуметтік салада Мансап орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен әлеуметтік келісімшарттарды іске асыруда белсенді жұмыс жүргізуде. 546 жеке кәсіпкерде 1 208 азамат 85 000 теңге айлықпен жұмыс жасап жатқаны анықталды. Алайда 314 жеке кәсіпкерде 545 азамат жұмыс жасамайтыны, 13 жұмыс берушіде 34 азамат өз жұмыс орындарында болмағаны анықталды. Аталған отбасыларға жалған мәлімет ұсынғаны үшін Заңнама аясында ШАК төлеуден бас тарту бойынша шешімдер қабылдануда.

Қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылық жағдайлары бойынша өткен аптада тергеу органдары 169 іс тіркеді, оның ішінде алаяқтық – 61 іс, ұрлық – 41 іс, есірткі заттарын заңсыз айналымға байланысты – 12 іс және жол-көлік оқиғалары – 10 іс. Алаяқтықтың басым көпшілігі интернет алаяқтыққа қатысты. Мысалы, «К» есімді азаматқа «Казтрансгаз» қызметкері ретінде хабарласып, 200 000 теңге ақша аудартып алған. Сондай-ақ, интернет-дүкендер арқылы есірткі саудасына байланысты заң бұзушылықтар тіркелуде. Жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты арттыру, телефонға алаңдау, рұқсат етілмеген жерден өту және кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды ережесіз басқаруы. Тұрғындардан жол ережесін сақтау және балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу сұралады.

Қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынған. Оның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне өтемақы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер берілді. Негізгі бағыттар: Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автожолының құрылысы, С.Бәйтереков көшесінің жалғасы және Қазиев көшесінің жалғасы бойынша жер телімдері мемлекет мұқтажына қайтарылуда.

Қалада мәдени өмір де қарқынды дамуда. 6 желтоқсан күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылар арасындағы «Мен елімді жырлаймын» республикалық айтыс өтеді. 9-10 желтоқсан күндері «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент сазы» республикалық эстрадалық ән байқауы, 21 желтоқсан «Астана» алаңында шырша шамын жағу рәсімі, ал 31 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне арналған гала-концерт және отшашу ұйымдастырылады.

Шымкент қаласында табиғи ресурстар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша да нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қалаға жылқы еті Түркістан облысынан жеткізіліп, көтерме бағасы 3 100–3 200 теңге, бөлшек саудада 3 400–3 500 теңге деңгейінде саудалануда. Тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету үшін апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жылқы еті орташа 3 400 теңге деңгейінде сатылуда. Сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін келісімшарттар жасалған. Картоп бағасы Павлодар және Қарағанды облыстарынан тасымалданатындықтан өзгеріп тұрады, қазіргі бөлшек саудадағы бағасы 200–270 теңге болса, «айналым механизмі» аясында сауда желілерінде бекітілген бағасы 180 теңгеден сатылады.

Қалалық шатқалдар да дамуда. Қаратау ауданындағы «Шымсая» шатқалы 8 га аумақты алып, 8 200 көшет отырғызылды. Абай ауданындағы Самал шатқалы 25,772 га аумақты қамтып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Экологиялық бақылау жүйесі тұрақты жұмыс істейді. Қалада ауа сапасы «Қазгидромет» 7 бекеті арқылы бақыланып, жоғарғы ластану тіркелмеген. 2025 жылдың 10 айында Департамент 29 тексеру жүргізіп, 50 әкімшілік іс қозғап, 37,6 млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындамауы жағдайында жұмыс уақытша тоқтатылды.

Спорт саласында да Шымкент абыройын асқақтатуда. Жапонияның Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада Шадияр Пернеш 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, ал Рсалы Сабыржан 86 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын және 1 қола медаль – шымкенттік спортшыларға тиесілі.

Шымкент қаласында әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қаланың дамуына үлес қосуға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті