Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Маңғыстауда цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жасанды интеллект технологиялары енгізілуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты халыққа Жолдауында терең цифрлық жаңғыртудың маңызын атап өткен болатын. Осы бағытта Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздік, білім және медицина саласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданында
қоғамдық және жол қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша жасанды интеллектке негізделген «Сергек» жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде жүйе құрамында 148 фото-бейне тіркеу кешені және 402 қоғамдық орындарда орнатылған камера бар. Жасанды интеллект жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде анықтап, көлік нөмірін танып, деректерді құқық қорғау органдарына жібереді. Осылайша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда тиімділік артады.

-Облыс аумағында 58 мыңнан астам камера орнатылған. Олар аулалар, жолдар, мектептер, ауруханалар және әлеуметтік нысандардағы қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Тек Ақтау қаласының өзінде 25 мың камера жұмыс істейді, оның 18 мыңын оперативтік басқару орталығына біріктіру аяқталды. Қызмет сапасын арттыру үшін Sergek VMS, Macroscop, Target AI сияқты заманауи аналитикалық жүйелер енгізіліп жатыр. Бұл жүйелер видеодеректерді сұрыптап, сақтап, полицияның әрекет ету жылдамдығын арттырады. Қазіргі уақытта барлық камераларды бірыңғай ұлттық мониторинг жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық басқару орталығына қосылған 36 мың камераның 14 мыңы мектептерде орналасқан. 2025 жылы бет-әлпетті тану, төтенше жағдайларды анықтау, қолжетімділікті бақылау мақсатында 600 камераға аналитикалық алгоритмдер енгізу жоспарлануда, - деді басқарма өкілдері.

Өңір халқы күнделікті көтеретін мәселелердің негізгі көзі – 109 бірыңғай байланыс орталығы. 2025 жылдың басынан бері орталық 38 мыңнан астам өтініш қабылдады. Күн сайын 50-ден 200-ге дейін шағым немесе сұрақ түседі, олардың 80%-ы бірінші қоңырауда шешіледі.

-ЖИ-талдау арқылы 400-ден астам өтініш санаты өңделеді. Қоғамда ең жиі көтерілетін ТОП-15 мәселе анықталған. Атап айтсақ, энергиямен жабдықтау, су тапшылығы, жол инфрақұрылымы, транспорт, абаттандыру және тағы басқа салаларға байланысты. Басқарма бұл өтініштердің орындалу барысын үздіксіз бақылауда ұстайды, - деді басқарма өкілдері.

Өңірлік цифрлық технологиялар басқармасының мәліметіне сәйкес, медициналық мекемелерде жасанды интеллект ауруларды ерте анықтауға және диагноз қоюдың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Облыста инсультті анықтауға арналған Cerebra AI жүйесі енгізілді. Cerebra AI жүйесі - халықаралық байқаулардың жеңімпазы әрі қазақстандық стартап. Ол бас миының КТ-суреттерін талдап, инсульт белгілерін автоматты түрде анықтайды және дәрігерлердің шешім қабылдау жылдамдығын арттырады.

Сондай-ақ, оқушылар мен мұғалімдерге еңбек нарығында сұранысқа ие цифрлық дағдыларды қалыптастыру мақсатында білім саласында жасанды интеллект енгізудің төрт кезеңнен тұратын кешенді жоспары қабылданды. Атап айтсақ, бірінші кезең жасанды интеллект құралдарымен таныстыру мен оқытуға бағытталды. Екінші кезеңде практикалық іс-шаралар өткізу бойынша оқушыларға арналған жоба апталықтары, хакатондар мен мектепішілік олимпиадалар ұйымдастырылады. Үшінші кезеңде танымдық іс-шаралар өткізу бойынша мектептерде көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейнесабақтардан тұратын жасанды интеллект апталығы өтеді. Төртінші кезең қорытынды бағалау және нәтижелерді талдау жұмыстарына бағытталды.

Жастар ресурстық орталығы жанында Mangystau IT Hub жұмыс істеуде. Аталған орталықта 2024 жылы 80-ге жуық, 2025 жылы 50-ден астам іс-шара өткізілді. Ірі жобалардан киберқауіпсіздік бағытында «Кибер Тұмар» жобасы, «Mangystau Cybercup» киберспорт турнирі өтті. Сонымен қатар, инженерлік прототиптерді жасауға мүмкіндік беретін 3D-баспа кабинеті ашылды.  Мамандардың айтуынша, Каспий теңізінің түбімен Ақтау-Сумгаит бағыты бойынша ВОЛС жүргізу жобасы іске асырылып жатыр. Аталған жоба цифрлық тәуелсіздікті, желінің тұрақтылығын, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтады.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, облыста дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы енгізіліп жатыр. Бұл жүйе экологиялық жағдайды бақылауға, жолдар мен құрылыс нысандарына мониторинг жүргізуге, абаттандыру жұмыстарын қадағалауға, егіншілік технологияларын қолдануға және қолжетпейтін аумақтарды зерттеуге мүмкіндік береді. Дрондар алдағы жылдары өңірдің дамуы үшін ең перспективалы бағыттардың біріне айналады.

Мамандардың мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық республикалық экологиялық науқаны өңірімізде белсенді түрде жалғасын табуда. Жыл басынан бері акцияға 130 000 адам қатысып, 30 757 ағаш түптері отырғызылды. 1735 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 35 000 тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық мәселелері туралы өтінімдер берудің жаңа сервисі «TazaQasBot» ыңғайлы телеграмм-чат-боты іске қосылғаннан бері «Tazaqazaqstan.kz» платформасына облыс тұрғындарынан барлығы 653 өтініш түсті. Оның ішінде 539-ы орындалды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті