Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шуда 50 келіден астам марихуана тасымалдаған екі күдікті ұсталды

Шуда 50 келіден астам марихуана тасымалдаған екі күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шуда полицейлер 50 келіден астам марихуана тасымалдаған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті екі тұрғын ұсталды. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның №6506 "Бүркіт" әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды. Арнайы операция жедел ақпарат негізінде Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді. Полицейлер Mazda автокөлігін тоқтатып, ішінде болған екі жергілікті тұрғынды — жүргізуші мен жолаушыны ұстады. Көлікті тексеру кезінде артқы орындығынан үш қап, ал жүксалғышынан тағы екі қап табылды. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келіден астам. Ұстау шарасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді