Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жолдардың жүктемесіне бақылау күшейтілді

Қарағанды облысында жолдардың жүктемесіне бақылау күшейтілді

Қарағанды облысында Саран – Шахтинск автожолының 19 шақырымдық бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 12 шақырымға үш қабат асфальт төселіп, қалған бөлігі келесі жылы аяқталмақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жолда ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген осьтік жүктемеден артық тасымалға жол бермеу мақсатында қозғалыс кезінде автоматты түрде өлшейтін жүйе орнатылды.

— Жүйе деректері бойынша, бұл бағытпен тәулігіне 150-ден астам жүк көлігі өтеді, оның шамамен 20-сы рұқсат етілген нормадан артық жүктемемен жүреді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Келер жылы осындай тағы сегіз кешен орнату жоспарланып отыр: жетеуі — республикалық, біреуі — облыстық маңыздағы жолдарда, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Мұқашев облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында.

Саран – Шахтинск бағытындағы жолда Шерубай-Нұра өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Осакаровка – Есіл трассасындағы Есіл өзеніндегі көпірдің жағалау тіректері орнатылып, аралық тіректері жөнделуде.

Ал Теміртау – Ғабиден Мұстафин ауылы бағытындағы жолда Нұра өзенінен өтетін көпірді реконструкциялау бойынша негізгі жұмыстар толық аяқталды.

Шахан – Жаңаталап арасындағы бес шақырымдық жолды қайта жаңарту басталды. Екі шақырымында жолдың негізі жаңартылып, үш қабат асфальт төселді. Қалған жұмыстар келесі жылы жалғасады.

Биыл өңірде жалпы ұзындығы 637 шақырым автожол жаңартылды. Облыстық маңыздағы үш ірі жоба толық аяқталды: Нұра – Осакаровка бағытындағы 20 шақырым (Осакаровкадан Қоянды ауылына бұрылысына дейін), Жартас – Долинка бағытындағы 21 шақырым және Үштөбе – Құрылыс арасындағы 9 шақырым жол. Реконструкция барысында жол жамылғысының іргетасы нығайтылып, қозғалыс қауіпсіздігі деңгейі арттырылды.

Орташа жөндеу жұмыстары облыстық маңыздағы алты учаскеде, жалпы 60 шақырым жолда жүргізілді. Оның ішінде Керней – Семізбұға, Қарағанды – Доскей, Осакаровка – Жастар және Нұра – Шахтерское бағыттары бар.

Қазір екі жылдық жобалар аясында Сәкен Сейфуллин – Ақсу-Аюлы бағытындағы 26 шақырым жолда және Қарағанды – Жезқазған трассасынан Шахтинск қаласына дейінгі 24 шақырымдық учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр. Бір бөлігі орындалып, қалғаны келесі жылы аяқталады. Барлық учаскеде екі қабат асфальт төселіп, бұл жолдың ұзақ мерзімге шыдамдылығын арттырады және ауыр көлік қозғалысына төтеп беруге мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 21 елді мекенде жалпы ұзындығы 84 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді.

Республикалық маңыздағы Қарағанды – Балқаш автожолының реконструкциясы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта абаттандыру, көгалдандыру және инженерлік желілер тарту жұмыстары жүргізілуде. 20 жарық аркасына LED-экрандар мен 10 жол белгісі орнатылды. Автоматтандырылған өлшеу және қозғалысты бақылау жүйелерін орнату аяқталуға жақын. Сонымен қатар 18 демалыс аймағы салынып, төрт санитарлық-гигиеналық нысан пайдалануға берілді.

Биыл республикалық маңыздағы 245 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Барлық жұмыстар толық көлемде аяқталды.

— Жаңа жобаларға тоқталсақ, Saran индустриялық аймағын және жалпы Қарағанды өңірін дамыту мақсатында Қарағанды – Астана трассасына шығатын жолды реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ облыстық маңыздағы Дубовка ауылынан Саран қаласына дейінгі 6 шақырым жолды қайта жаңарту жобасы дайындалып, оны 2026 жылы бастауды жоспарлап отырмыз, — деді Мақсат Мұқашев.

 — Бұдан бөлек, Қарағанды – Шахтинск автожолындағы Шерубай-Нұра өзені үстінен өтетін көпірді қайта салуға арналған жобалық құжат дайындалып, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде.

2026 жылы республикалық маңыздағы алты жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізу және Ақшатау – Ағадыр – Ортау бағытындағы 95 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

— Жол құрылысы сапасын және пайдаланылатын материалдардың сәйкестігін Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен бірлесе сараптап, теріс қорытынды болған жағдайда нысандарды пайдалануға қабылдауға жол бермеу қажет, — деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті