Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізеді

Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізеді
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бүгінде 854 блогерге 72 млрд теңге табыс салығын төлеу жөнінде хабарлама жіберілді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

— Блогерлер 2026 жылғы 31 наурызға дейін декларация тапсыруы керек, яғни табысын растайды. Жалпы білесіздер, біз блогерлермен бірталай жұмыс атқардық. Мыңдаған блогерге салық төлемі туралы хабарлама жіберілді, — деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен брифингіде.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, 854 блогерге 72 млрд теңге табыс салығын төлеу жөнінде хабарлама жіберілді. Оның ішінде 394 блогер 11,8 млрд теңге салық төледі.

— Қалған 438 блогерге қатысты тексеру жүргіземіз, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды.

Еске салайық, жыл басында Мемлекеттік кірістер комитеті табысын 53,3 млрд теңгеге жасырған блогерлер анықтады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді