Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр

Атырау облысы әкімдігі күзде болады деп болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындықты күшейтті. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралардың бірі — Үкімет тапсырмасына сай, Атырау қаласында салынып жатқан модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы, деп хабарлайды kazlenta.kz.

200 орындық инфекциялық аурухана стандартымен бой түзейтін медициналық нысанды облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен ЖШС "BI Industrial"BI компаниясы салып жатыр.  

Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады.

 
Медициналық нысанда 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және жеті екі орынды бокстар аулаға шығатын арнайы есіктерімен жасалуда. Сондай-ақ, интенсивті терапия бөлімінде 20 кереует және қабылдау-диагностикалық бөлімінде бес бокс жасақталады.  

Медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ мен рентген аппараттары, бронхоскопикалық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар болады деп жоспарлануда.

Жаңа аурухана жұмысына жергілікті медициналық қызметкерлер қайта оқыту арқылы тартылады. Тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары қазанда бітеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады