Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицейлер жолдардың жағдайына жауапты ұйымдарды тексерді

Абай облысында полицейлер жолдардың жағдайына жауапты ұйымдарды тексерді
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полицейлер жолдардың жағдайына жауапты ұйымдарды тексерді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының тиісті жай-күйін бақылау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша жыл басынан бері жолдарды күтіп-ұстау және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын бұзған 182 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен қызмет көрсетуіне жауапты республикалық және жергілікті ұйымдар бар. "ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы" АҚ-ға қатысты облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жол учаскелерін күтіп-ұстау жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамауға байланысты 30 құқық бұзушылық фактісі анықталды. 

Полицейлер тексеріс барысында қоқыстар мен жол жиектері уақтылы тазаланбағанына, шұңқырларды жөндеу толық көлемде орындалмағанына, кейбір жол учаскелерінің қанағаттанарлықсыз күйде екеніне көз жеткізді.

Қалалар мен аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары тарапынан 55 құқық бұзушылық тіркелген. Олардың қатарында қала көшелеріндегі шұңқырларды уақтылы жоюдың болмауы, жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы немесе істен шығуы, жол таңбаларының болмауы, сондай-ақ жаяу жүргінші тротуарлары мен су ағызу жүйелерінің тиісті деңгейде күтілмеуі бар. Бұдан бөлек, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындамаған 97 мердігер ұйым жауапкершілікке тартылды. Кейбір нысандарда ескерту белгілері мен қоршаулар орнатылмаған, жер жұмыстары аяқталғаннан кейін жол жамылғысы қалпына келтірілмеген. Тексеріс кезінде бірқатар ұйымдар жол жамылғысын уақтылы жөндеу, жол жиектерін тазалау, тиісті белгілер мен қоршауларды орнату жұмыстарын орындамағаны анықталды. Сондай-ақ теміржол өткелдері мен жасанды құрылыстарды күтіп-ұстау нормаларының бұзылған жағдайлары тіркелді. Мұндай заңбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларына себеп болып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Полицейлер жол инфрақұрылымының жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тексеру шараларын жүзеге асырады, анықталған заң бұзушылықтарды тіркеп, материалдарды уәкілетті органдарға шара қабылдау үшін жолдайды. Полиция жолдардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуы оларды баланста ұстаушы ұйымдардың тікелей міндеті екенін еске салады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау немесе ақауларды дер кезінде жоймау жауапкершілікке әкеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті