Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында автожолдарды тексеру нәтижесінде 350-ден астам ақау анықталды

Павлодар облысында автожолдарды тексеру нәтижесінде 350-ден астам ақау анықталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында автожолдарды тексеру нәтижесінде 350-ден астам ақау анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері жалпы пайдаланымдағы 7 мың шақырымға жуық автожолды тексеріп, жолдардың жағдайына қатысты көптеген бұзушылықтарды анықтады. Анықталған кемшіліктер бойынша 306 нұсқама беріліп, олардың жойылуына қатысты шаралар қабылданды.

Жолдарды күтіп ұстау және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 51 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мердігерлік ұйымдары да жолдар мен құрылыстарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа облыс бойынша аудандық және облыстық маңызы бар автожолдарда да ұқсас бұзушылықтар анықталды.

Мысалы Павлодарда «Павлодар жылу желілері» ЖШС және Солнечный кентінде «Баракат-ЭК» ЖШС учаскесінің бастығына айыппұл салынды. Сондай-ақ Павлодар ауданында жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін мұз пайда болғаны үшін экономика секторы бөлімінің басшысына айыппұл салынды. Бұл жағдай жүріс бөлігінің бетінің ілінісу қасиеттерінің төмендеуіне әкеп соқтырып, көлік қозғалысына қауіп төндірген.

Жүргізілген тексерулердің басты мақсаты – өңірдегі жол қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың ауыр салдарын төмендету болып табылады. «Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті