Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Республика күніне орай Amanat партиясының «Нұра» аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасындағы алғашқы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спартакиада барысында қатысушылар кәсіптік-техникалық колледжде шағын футбол мен шахматтан жеңімпаздарды анықтаса, №100 орта мектепте үстел теннисі және волейболдан сынға түседі.

«Бүгін біздің кәсіптік-техникалық колледж Республика күніне орай өткізіліп жатқан Спартакиадада шағын футбол мен шахмат жарысын қабылдап жатыр. Шағын футболда 8 команда, ал шахматта 10 команда бас кубокқа талас жүргізеді. Жалпы Спартакиада арқылы 200-ден астам қатысушы бүгін өз өнерін паш етеді. Жеңімпаздардың есімі түстен кейін белгілі болады», - деді кәсіптік-техникалық колледжі спорт кешенінің басшысы Иван Красай.

Турнирде орта мектептер, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Астана аймақтық электрожелі компаниясы, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы, Құралбек Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті және т.б. командалар жиналды.  

«Мен №33 жалпы орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беремін. Шахматты бала кезде үйреніп, хоббиіме айналып кетті. Күйбең тіршіліктен қолым босағанда, үнемі осы ойынды серік етемін. Мектеп пен университет қабырғасында жарыстарға тұрақты қатысып, «Спорт шебері» нормативін орындағанмын. Енді, міне, ұстаз ретінде кейінгі 5 жылда алғаш рет сайысқа қатысуға мүмкіндік берілді. Өте қатты қуандым. Алдағы уақытта да спорттық бәсекелер көптеп ұйымдастырылса деген ниетім бар», - деді Күнсұлу Абжалова.

Айта кетейік, спартакиада бүгін мәресіне жетеді және жеңімпаздар арнайы кубоктар мен сыйлықтармен марапатталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті