Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайту шаралары қабылдануда. Осы жұмыс аясында өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, олар – елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылуда. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлді.

Жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілген ауылдар:

Жалғызағаш және Қайнар (Ескелді ауданы)

Сарытөбе (Панфилов ауданы)

Жаңалық (Ақсу ауданы)

Қаратал (Көксу ауданы)

Оян (Қаратал ауданы)

Сонымен қатар Алакөл ауданы Жайпақ ауылында дәрігерлік амбулатория мен Қайнар ауылында ФАП іске қосылды.

Нысандардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен, заманауи медициналық техникамен жабдықталған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келеді.

Бұл жобаларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғынын медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті