Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте заңсыз қайта жабдықталған көліктерге рейд жүргізілді

Шымкентте заңсыз қайта жабдықталған көліктерге рейд жүргізілді
Фото: Polisia.kz

Шымкентте заңсыз қайта жабдықталған көліктерге рейд жүргізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицейлер шу шығару жүйелері орнатылған автокөліктерді анықтау бойынша шараларды жүргізуде. Мұндай құрылғылар дыбыс деңгейін едәуір арттырып, тұрғындардың тыныштығын бұзады және толыққанды демалуға кедергі келтіреді. Тек өткен түні ғана жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында құрылымына заңсыз өзгеріс енгізілген BMW, Mercedes-Benz және Chevrolet маркалы 9 автокөлікті анықталды.

Түнгі уақытта шамадан тыс шу шығарып, тұрғын аудандардың тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, көліктер айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар артық шу жол үстінде де қосымша қауіп тудырады: жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер маңызды дыбыстық белгілерді дер кезінде естімей қалуы мүмкін, бұл жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады. Рұқсатсыз қайта жабдықталған автокөліктер көбіне техникалық талаптарға сай келмейді және жасырын ақаулар салдарынан жол қозғалысына қауіп төндіреді. Айта кетейік, қала бойынша жыл басынан бері көлігін заңсыз қайта жабдықтаған 5 мың тұлға жауапкершілікке тартылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді