Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Заңсыз келуші" ЖПІШ: елордада полиция 800-ге жуық құқық бұзушылықты тоқтатты

Фото: Polisia.kz

Көші-қон заңнамасына қатысты бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордада полиция рейдке шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шара басталған үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 800-ге жуық дерегі тіркелді. Оның ішінде 600 шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ тұлға ел аумағына кіру, шығу және болу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шамамен 150 заңды және жеке тұлға шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны немесе орналастырғаны үшін жауапқа тартылды. 30 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланғаны үшін жазаланды.

Сот шешімімен 70 шетелдік азамат елден шығарылды, оның төртеуі — мәжбүрлі түрде. Жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға – тіркеу мерзімдерін сақтамау, еңбекке орналастыру тәртібін бұзу және жалған тіркеуге қою жатады. Сондай-ақ іс-шара барысында елордалық тұрғынның тұруға рұқсат қағаздарын рәсімдеу және жалған мекенжайлар бойынша тіркеу қызметін көрсеткен делдалдық әрекеттің жолы кесілді. Полиция көші-қон заңнамасын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті