Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында күдіктілерден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Маңғыстау облысында күдіктілерден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында күдіктілерден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

13 қыркүйекте Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен прокуратура "Құқықтық тәртіп" және "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында арнайы жасақ "Бүркіт" сарбаздарымен және қызметтік ит Кираның көмегімен жедел-іздестіру және тінту іс-шараларын өткізді. Мұнайлы ауданының "Южный" саяжай серіктестігі аумағында екі учаскеде есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтады деген күдікпен бірнеше азамат ұсталды.

Гараждар мен автокөліктерді тінту барысында жалпы салмағы 62 келіден астам марихуана, қару-жарақ, байланыс және бақылау құрылғылары, сондай-ақ жалпы сомасы 32 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Күдіктілердің бірі процессуалдық шешім қабылданғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті