Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай Қайырбековтің айтуынша, Бишімбаев қазір түзеу мекемесінде "басқа сотталғандармен тең жағдайда" жазасын өтеп жатыр.

"Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талабына сәйкес, басқа сотталғандармен бірдей және тең жағдайда жазасын өтеп жатыр", — деді ҚАЖК басшысы.

Бишімбаевтың жұмысқа орналасуы және еңбекақысы туралы сұраққа министрдің орынбасары бұл ақпараттың жеке деректерге жататынын атап өтті.

Сондай-ақ журналистер экс-министрдің жеке камерада отырған-отырмағанын сұрады.

"Жаңа айтқанымдай, ол жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеп жатыр. Бұл сотталғанға қандай да бір ерекше жағдай, жеңілдік немесе талаптар қарастырылмаған", — деді Қайырбеков.

Еске сала кетейік, былтыр 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ісі бойынша сот процесі аяқталды. Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді