Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша ЖИ енгізуді тапсырды

Олжас Бектенов ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша ЖИ енгізуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қаржы министрі Мәди Такиев пен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы биыл Жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика үлесін 15%-ға дейін азайту міндетін қойды. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендете беруге тиіспіз. Бізге таза әрі ашық экономика керек. Осы бағытта барлық мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілерінің жұмысын күшейту қажет. Бұл жұмыс тек хат-хабар алмасып, есеп берумен ғана шектелмеуге тиіс. Экономика және салық тұрақтылығы, цифрландыру, сондай-ақ бизнес жүргізуді оңайлату ісінде сапалы әрі кешенді шешімдер қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту қажеттігін атап өтті. Бұл – стратегиялық міндет.

Сонымен қатар бірқатар секторда, оның ішінде сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында цифрландыру деңгейі әлі де жеткіліксіз деңгейде. Барлық мүдделі министрліктерге өз саласында жаппай цифрландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. 

Экономиканы цифрлық жаңғырту шеңберінде мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдар арасында көш бастауға тиіс. Тек жүйелі қадамдар ғана мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жаңа сервистік моделін құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін тиісті ресурстар қажет. Осыған байланысты жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі келесі жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің өз алдына Деректерді өңдеу орталығын құруы керек. 

Қазақстандағы бірқатар цифрлық жоба өз тиімділігін көрсетті. Көлеңкелі экономикамен күресте қолма-қол ақшасыз төлемдер маңызды рөл атқарады.

Кейбір өңірлерде автомобиль жолдары және теміржол құрылысы, ірі қара мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау, сондай-ақ қосылған құн салығын қайтару кезінде цифрлық теңгені қолдану бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. 

«Жобаны одан әрі тарату үшін Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің бюджеттері шеңберінде цифрлық теңгені пайдалануды қамтамасыз етуі қажет. Жұмыстың нәтижесі туралы маған келер жылдың 1-ші ақпанына дейін баяндаңыздар. Қарыздар мен субсидиялардың мақсатты түрде жұмсалуына автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етіп, бақылауды күшейту қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов. 

Кедендік әкімшілендірудің жан-жақты әрі ашық болуы республикалық бюджет кірістерінің көлеміне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан Қаржы және Сауда министрліктері экспорттық және импорттық операцияларға мониторинг жасауды күшейтуі қажет. Тәуекелдер бейінін жаңартып, жүк тасымалдарын «жасыл дәліз» қағидаты бойынша транзиттеу үшін жағдай жасау адами фактордың алдын алуы тиіс.

Сонымен қатар жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде жасанды интеллектіні енгізу қажет. Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге әрі шекарадан өту процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қаржы министрлігіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды үйлестіру жұмысын күшейту тапсырылды.

Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді:

  • Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері нақты ұсыныстарды енгізе отырып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы жыл сайынғы кеңейтілген талдамалық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін. 

  • Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеуді қадағалап отыру үшін Әділет, Қаржы, Жасанды интеллект министрліктеріне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, осы жылдың 25 қарашасына дейін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

  • Талдау дәлдігі мен әкімшілендіру сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды күшейту қажет. Осыған байланысты Қаржы, Жасанды интеллект министрліктері және басқа да мемлекеттік органдар деректерді Smart Data Finance жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін. 

Үйлестіру мен бақылау жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті