Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі таратқаны үшін 7 жылға сотталды

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі таратқаны үшін 7 жылға сотталды
Фото: Polisia.kz

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айында Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны интернет арқылы "жеңіл табыс" табуға қызығып, синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы ретінде жұмыс істей бастаған. Кураторынан нұсқау алып, ол ірі көлемде жеткізілген есірткіні шағын зип-пакеттерге бөліп, оларды тапсырыс бергендерге жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан. Қылмыстық топ бұл жұмысты "қауіпсіз" деп сендіргенімен, арада көп уақыт өтпей-ақ ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Ақпан айында ол Петропавл қаласының шетінде қолға түсті.

Тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон мен α-PvP есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тергеу барысында анықталған жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі заты алынды. Бұл — жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тәркіленген ең ірі есірткі партияларының бірі болды. Сот тергеу нәтижесінде айыпталушыны аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындап, сақтап және таратқаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 771 келі түрлі есірткі затын, соның ішінде 4,5 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті