2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1019 тексеру жүргізді, оның 410-ы жоспардан тыс, 350 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 259 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 497 ұйғарым берілді, 61,9 млн теңгеден астам сомаға 274 айыппұл салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 63, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 217, мемлекеттік мекемелер – 72, балабақшалар – 36, мектептер – 125, колледждер, лицейлер – 16, ауруханалар, емханалар – 98, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 79, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 38, ДК – 33, дүкендер – 54, сауда үйлері – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 19, полиция пункті – 6, стоматология – 6, кітапхана – 4, мәдениет үйлері – 16, мұрағаттар мен мұражайлар – 5, санаторийлер – 11, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 21, нотариус – 1, банктер – 18, оңалту орталықтары – 5, өзге де 58 объекті қамтылды.
Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті 1-топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде «Қазпошта» АҚ филиалының аудандық бөлімшесіне халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулілігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылып, жауапты тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.
«Қаламызда соңғы жылдары қолжетімділік жағдайлар жасалып жатқанына өте ризамын. Енді баламның мектепке, емханаға баруы немесе серуендеуі әлдеқайда жеңілдеді – пандустар орнатылды, дыбыстық белгісі бар бағдаршамдар пайда болды, әлеуметтік нысандарда қоғалыс ыңғайлы болды. Кедергісіз орта құруға бағытталған мемлекеттік саясаттың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын өз көзіммен көріп отырмын. Бұл біз үшін жай ғана формалдылық емес, баламның да, отбасымыздың да өмірін шынымен жақсартатын нақты өзгерістер. Ең бастысы – ұлым өзін басқа балалармен тең сезінеді. Бұл бізге болашаққа үміт пен сенімділік береді. Осындай жұмыстар жалғасып жатқаны қуантады, әрі қолжетімділік қала орталығында ғана емес, барлық аудандарда қамтамасыз етілсе деймін», – деп атап өтті Семей қ. мүгедектігі бар баланың анасы Саида Бокембаева.