Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 700 тексеру жүргізді

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 700 тексеру жүргізді
Фото: gov.kz

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне сілтеме жасап.

Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 700 тексеру жүргізіп, оның 340-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 360-ы жоспардан тыс тексерулер болды.

Мемлекеттік бақылаумен: жергілікті атқарушы органдардың 117 облыстық және аудандық бөлімдері, 176 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 76 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 45 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, 26 дүкен, 22 сауда орталығы, 12 санаторий, 72 емхана, ауруханалар мен дәріхана, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, банктің 2 филиалы қамтылды, 4 Қазпошта бөлімшесі, 4 ЖШС, 4 спорт ұйымы, 5 кафе, 2 шаштараз және т. б. қамтылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар баланың ата-анасының өтініші негізінде «Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді және әкімшілік айыппұл салынды.

Осы департамент Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактісі бойынша «Small» сауда объектілеріне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді, субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1 268 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 875 ұйғарым беріп, жалпы сомасы 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді