Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні "ізін суытпай" ұстады

Өскеменде полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні
Фото: Polisia.kz

Өскеменде полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғынынан бейтаныс ер адамның техникалық қызмет көрсету орталығы аумағында тұрған Lexus автокөлігін заңсыз айдап әкеткені туралы арыз түскен. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 500 мың теңге. Шығыс Қазақстан облысы ПД Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел іс-қимылының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Ол – 31 жастағы техникалық қызмет көрсету орталығының механигі болып шықты. Сондай-ақ оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Аталған факті "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, автокөліктерін тек күзетілетін тұрақтарда немесе сенімді орындарда қалдыру керек екені туралы ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады