Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әкім Дархан Сатыбалды Almaty Museum of Arts таныстырылымына қатысты

Әкім Дархан Сатыбалды Almaty Museum of Arts таныстырылымына қатысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жаңа Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов, қазақстандық және шетелдік мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ 30-дан астам шетелдік БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрі өз сөзінде бұл ірі жобаның жүзеге асуы Қазақстанның мәдениеті мен рухани өміріндегі айтулы оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жас ұрпақ дәстүрлі құндылықтармен қатар, жаңашылдық пен жасампаздықты да патриотизмнің негізгі тірегі ретінде қабылдайтынын айтқан еді. Осы орайда жаңа музей дәстүр мен заманауи үрдістерді ұштастыратын, Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін әлемге танытатын орталық болмақ», – деді Аида Балаева.

Жаңа мәдени мекеме халыққа 12 қыркүйектен бастап есігін айқара ашады. Музей құрылысына 56 млрд 160 млн теңге көлемінде жеке инвестиция жұмсалған. Жалпы аумағы 10 060 шаршы метрді қамтитын нысан екі қиылысқан ғимараттан тұрады. Бір уақытта 500 қонақ қабылдауға мүмкіндігі бар кеңістік британдық сәулетшілердің жобасы бойынша салынған және табиғат пен қала көрінісін үйлестіре отырып жасалған. Мекеме өнер туындыларын сақтау, көрсету және қалпына келтіруге арналған заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

Көрме залдары Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи байлығын дәріптеп қана қоймай, отандық және шетелдік заманауи суретшілердің еңбектерін де қамтиды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды музейдің ашылуын қала дамуының жаңа кезеңінің көрінісі деп бағалады.

«Алматы – еліміздің мәдени жүрегі. Осындай кешеннің ашылуы – біздің қаламыз үшін ерекше маңызы бар оқиға. Бұл жастардың креативті ойлауын жетілдіруге, мәдениет саласында тәжірибе жинақтауына жол ашады. Сонымен қатар Алматының туристік және экономикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтереді», – деді қала әкімі.

Музейдің негізін қалаған кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов өз жеке қорынан Қазақстан, Орталық Азия және басқа елдердің суретшілеріне тиесілі 700 туындыны музейге тарту етті.

Жаңа өнер орталығы халықаралық деңгейдегі жобаларға, үнемі жаңарып отыратын көрмелерге, білім беру бағдарламаларына, шеберлік сабақтарына, кәсіби қор сақтау мен реставрация шеберханасына, сондай-ақ кітапханаға ие заманауи мәдени кеңістік ретінде дамитын болады.

Сонымен қатар 5 000 шаршы метр аумақта абаттандырылған аймақ қарастырылған. Мұнда ашық аспан астындағы мүсіндер, субұрқақтар мен демалыс орындары орналасқан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті