Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады
Фото: pixabay.com

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.

«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді: 

  • осы жылдың 15 қарашасына дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізуді қамтамасыз ету;
  • осы жылдың 20 желтоқсанына дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру; 
  • осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
  • осы жылдың 20 желтоқсанына дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

***

Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды  ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ. Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады. Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады. 

Энергетика саласына жасанды интеллекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диагностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай отырып, объектілерді қысқа мерзімде толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың бойымен қозғалу үшін қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану және инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарлануда. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспарларын қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтады, энергиямен тұрақты жабдықтауға және жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді. 

Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ерекшелігін ескере отырып, энергетикалық объектілерге қойылатын жаңа талаптарды әзірлейтін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті