Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Astana sport power Fest: елордада спорт фестивалінің жабылу іс-шарасы өтті

Astana sport power Fest: елордада спорт фестивалінің жабылу іс-шарасы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада қала тұрғындары үшін өткізілген Astana sport power Fest атты тегін спорттық фестивальдің жабылу шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткен спорттық бәсекеде қала тұрғындары әр аптаның сенбісінде армрестлинг, кикбоксинг және өзге де жекпе-жек спорт түрлері бойынша мамандардан ақыл-кеңес алып, тегін жаттықты. Сондай-ақ армрестлингтен Most атауымен федерация кубогы сарапқа салынды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша шегелеп айтқан еді. Міне осы мақсатта 5 шілдеден бері тура 2 ай бойы «Атырау» көпірінің астында ешқандай жас шектеуіне қарамай, тегін жаттығу өткізуді қолға алдық. Нәтижесі де жаман емес. 3 мыңдай адамды қамтыдық. Алдағы уақытта жобамыз жалғасын табады деген сенімдемін», - деді Астана қаласы Азаматтық Альянсының басшысы Жомарт Қиялов.

Бұл жобаның ерекшелігі – әрбір жастың бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысып, бойындағы спорттық қабілетінің ашылуына мүмкіндік беру.

«Бұл жоба Астана қаласында адам көп қыдыратын жерде өткізіледі. Соның арқасында бір жарым айдай бұрын армрестлинг жаттығуын көріп, жазылған едім. Келгеніме өкінбеймін. Жеңіске жету үшін қара күштен бөлек, техникалық шеберліктің маңызды екендігіне көзім жетті. Алдағы уақытта осы спорт түрін кәсіби түрде жалғастырып, үлкен шыңдарды бағындырсам деген ниетім бар», - деп атап өтті колледж студенті Мұратхан Нұрсұлтан.

Жабылу салтанаты «Жастар» сарайы мәдени орталығының жас өнерпаздарының концертімен жалғасты.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті