Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ММА чемпионынан тегін жаттығу: қайда және қашан өтеді

Астанада ММА чемпионынан тегін жаттығу: қайда және қашан өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы екі саябақта 1 қыркүйекке дейін өзін-өзі қорғаудан тегін жаттығулар өтіп жатыр. Сабақтар «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаттығулар «Триатлон» және «Көктал» саябақтарында өтеді.

Ниет білдірушілер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін қатыса алады. Жобаның ұйымдастырушысы – ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай. Жаттығулар Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр.

«Елордада бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Мысалы, 2024 жылы 180 спорт алаңы (аула спорты, футбол, баскетбол алаңдары) ашылды. Бұдан бөлек, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясындағы өзін-өзі қорғау сабақтары. Қазір – демалыс уақыты. Бұл тегін жаттығулар балалар саябаққа келіп, қандай да бір білім мен дағды үйрену үшін қажет», – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Ағзамов.

Азамат Ағзамовтың айтуынша, елордада спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 406 мыңнан асады, бұл қала тұрғындарының 40 пайызын құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 42 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.Тамыз айынан бастап скандинавиялық жүріс пен йогадан жаттығулар басталады. Сонымен қатар, Астанада спорт нысандары салынып жатыр. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инклюзивті орталық салынуда.

«Біздің жоба үш жыл бұрын басталды. Ол «Өзіңнен баста» деп аталады. Егер біз есірткіге тыйым жайлы айтатын болсақ, онда біз оның баламасын да ұсынуымыз керек. Жастарға қандай балама іс ұсына аламыз? Бұл – спорт арқылы адамның күшті бола алатын ісі. Біз әкімдікпен екінші жыл жұмыс істеп келеміз. Әкімдіктің біздің жобамызды қолдауға шешім қабылдағаны өте жақсы болды. Олар жастардың келіп, айналысып жатқанын байқап, жастарға мүлде тегін жаттығуға мүмкіндік берді», – деді ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай.

Сабақтарға барлық жастағы адамдар қатыса алады. Сондай-ақ балалар, мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттығады. Жаттығуларға кәсіби спортшылар да қатысып жатыр.

«Жаттығуларды далада өткізу әлдеқайда оңай, себебі адамға ғимарат ішіндегі қабырғалар қысым жасамайды. Көп адам залға келіп, спортқа деп бірінші қадам жасауға қорқады, себебі олар: «Қазір мені мәжбүрлеп, өлгенше жаттығу жасатады» деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Біз жекпе-жекте IQ-ге қараймыз», – деді жаттықтырушы.

Сабақ кезінде ешкімнің жағдайы нашарлап кетпеуі үшін жаттықтырушылар бақылап тұрады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге дайын дәрігерлер де бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті