Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей жол апатына ұшырап, қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей жол апатына ұшырап, қаза тапты
Фото: Instagram/sadenov_online

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі учаскелік полиция инспекторы жол апатына ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылы 6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысындағы "Чистополье – Шөптікөл" тас жолында Chevrolet Cobalt және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты.

СҚО ПД хабарлағандай, қос полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты, олар мас болмаған. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері тағайындалды.

Жол апатының құрбандары - Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыхан.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтты. Министр Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмек көрсететінін, қызметтік борышын атқару кезінде өмірі қиылған қызметкерлердің есімі ішкі істер органдарында мәңгі сақталатынын да жеткізді. 

Бұған дейін Өскеменде әйел адам көлігімен бес қабатты ғимаратқа соғылғанын жазғанбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті