Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов - Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. Қаза тапқандардың бірі Қазталов аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысты, деп жазды "Уральская неделя"

Басылым сілтеме жасаған дереккөздің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында Қазталов полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция майоры Мәрлен Қарабаев бар. Жол апатынан оның әйелі де көз жұмды. Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.

Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың сыныптастары екені белгілі болды. Салонда тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың жеті баласы бар.

Батыс Қазақстан полициясы қайғылы оқиғаға түсінік берді:

"ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі - кәмелетке толмаған бала".

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қайғылы оқиғадан полиция қызметкері мен оның жұбайы қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді