Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты

Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты
Фото: pixabay.com

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі байқалды. Орташа республикалық көрсеткіш 2,5 пунктке көтеріліп, 2023 жылғы 56,1 баллдан 58,6 баллға жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Сегіз өңір орташа деңгейден жоғары нәтиже көрсетті — 59,4-тен 64,6 баллға дейін. Көш басында 64,6 балл нәтижесімен Ақтөбе облысы тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пунктке артық. Павлодар облысы да жоғары деңгейін сақтап қалды — 63,3 балл. Елеулі өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) тіркелді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы нәтижелерді және халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның назарын балалық шақ мәселелеріне аударады», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Индекс төрт бағыт бойынша 56 көрсеткіштен қалыптасады: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық деректерге негізделген. Көрсеткіштер бала денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті