2022 жылғы қаңтар–қарашада ҚР-да жеміс және көкөніс шырындарын өндіру көлемі 65,4 млн литрді құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% артық. ҚР СЖРА ҰСБ-ға мәлімет берген өңірлердің ішінде ең көп өндіріс Алматы облысында (27,9 млн литр), одан кейін Алматы қаласында (4,7 млн литр) және Түркістан облысында (1,3 млн литр) байқалды, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
2022 жылғы қаңтар–қарашада өндірілген шырындардың жалпы көлемінің 94,3%-ы жеміс шырындары болды: 61,7 млн литр, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артық. Көкөніс шырындары небәрі 3,7 млн литрді құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7% аз.
Айта кету керек, былтыр аздаған өсімге қарамастан, ұзақ мерзімді динамикада ҚР-дағы шырын өндірісі төмен. Мәселен, осыдан он жыл бұрынғы осы кезеңнің деректерімен салыстырғанда жеміс шырыны өндірісі 2,6 есе, көкөніс шырыны 80%-ға жуық азайған.
Ең көп өндірілген жеміс шырыны — апельсин шырыны. 2022 жылғы қаңтар–қарашада көрсеткіш 26,9 млн литр болды, бұл 2021 жылғы қаңтар–қарашамен салыстырғанда 3,5% көп. Алма және ананас шырындары өндірісі тиісінше 14,7 млн және 1,8 млн литр. Бір жылда алма шырыны өндірісі 20,4% өссе, ананас шырыны өндірісі 17% төмендеген. Жеміс шырыны қоспасы да айтарлықтай болды: 14,3 млн литр, бір жылдағы өсім 4%.
Көкөніс шырындарының барлығы дерлік қызанақ шырыны: 3,7 млн литр — 2021 жылдың қаңтар–қарашасындағы көрсеткіштен 1,7% аз.
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, жеміс және көкөніс шырындары бір айда 1,7% қымбаттады. 2022 жылы айлық баға өсімі ең жоғары болған наурыз және сәуір айлары болды, бұл кезде шырын бағасы тиісінше 3,6% және 3,5% қымбаттады.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың желтоқсан қорытындысы бойынша жеміс пен көкөніс шырындары бір айда 0,9% қымбаттаған еді.
Бір жылда, яғни 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жеміс және көкөніс шырындары рекордтық 28,1% қымбаттады (салыстыру үшін: бір жыл бұрынғы баға өсімі 8,9% болған еді).
2022 жылғы желтоқсанда ҚР өңірлері арасында бір жылда ең көп баға қымбаттаған өңір Қызылорда (45%), Жетісу (41%) және Ақмола (37,6%) облыстары. Баға салыстырмалы түрде аз, бірақ сонда да айтарлықтай қымбаттаған өңірлер Павлодар (10%), Солтүстік Қазақстан (19%) және Жамбыл (20,2%) облыстары.
Жылдық динамикада көкөніс шырындарының бағасы айтарлықтай өсті: ҚР-да орташа 31,1% қымбаттады. Өңірлер бойынша көкөніс шырындары ең көп қымбаттаған өңірлер Батыс Қазақстан (53,3%), Атырау (42,8%), Түркістан (42,6%) және Қызылорда (40,5%) облыстары, Астанада (39%) да айтарлықтай өсті.
Жеміс шырындары ҚР-да бір жылда орташа 27,9% қымбаттады. Өңірлер ішінде ең көп Қызылорда (45,3%), Жетісу (41,3%), Ақмола (38,2%), Абай (33,5%) және Атырау (32,3%) облыстарында қымбаттады.