Шымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында есірткіге қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. "Қарасора - 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді қалаға жеткізу арнасының жолы кесілді.Жедел іс-шара барысында Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Азаматшаның басқаруындағы көліктен салмағы 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.Сондай-ақ полицейлер синтетикалық есірткілерді байланыссыз жолмен өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 200 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленіп алынды. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.Бүгін, 15:40
Шымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз